8 (800) 2000 336

info@bitumast.com

Заказать звонок
X
Компания жайлы

Компания жайлы

«ХимТоргПроект» өндірістік компаниясы — тұрақты және серпінді дамып жатқан
ресейлік компания, 1995 жылы құрылған, BITUMAST
сауда таңбасымен ыстық
шайыр, суық битумды-полимерлі шайыр мен желімдерді, сонымен қатар СТАРТ сауда
таңбасымен коррозияға қарсы шайырлар, мовилдер және басқа да автокөлік тауарларын
өндірумен және сатумен айналысады.
Біз өз қызметімізде ең маңызды ұстанымдардың бірін жүзеге асырамыз, яғни әр клиентке
жекеленген ретте қарап, әрқашан біздің клиенттермен сенімді қарым-қатынас құрамыз.
Біздің компанияның әр менеджері мен қызметкері біздің клиенттердің тапсырысы толық
көлемде және қысқа мерзімде жүзеге асырылуы үшін қолынан келгенінің барлығын
істейді.

Компания жайлы
Бізге келген әр адам тілектері біздің назардан тыс қалмайтын біздің іскер серіктесімізге
және досымызға айналады.

BITUMAST және СТАРТ сауда таңбаларымен біз өндіретін тауарлардың барлығы
отандық және импорттық өндірістік жоғары сапалы шикізаттан әрқашан жинақталған
тәжірибе мен пайдалану шарттарына байланысты жетілдіріліп отыратын өзіндік ерекше
рецептура негізіде жасалған. Біздің кәсіпорын ешқашан қолы жеткен нәтижемен тоқтап
қалмайды, өндіріс технологиясы мен жаңа өнімдерді әзірлеуді жетілдіре отыра үнемі
өндіріс қуаттылығын арттыру жолдарын іздейді.

Компания жайлы
Біз үшін өнімімізге артатын ең басты критерий – өнім сапасы! Осыған дәлел ретінде
біздің бірнеше жылдар бойы «Санкт-Петербургта жасалған» атты сапа байқауында
жеңімпаз атануымызды келтірсе болады.

Бүгінгі таңда «ХимТоргПроект» компаниясы болашаққа сеніммен қарап, өзінің бұрынғы
және де жаңа клиенттерімен одан әрі серіктес болып қалуға үміттенеді, сонымен қатар
өзінің клиенттеріне шығарылатын өнімнің жоғары сапалылығына, жеткізілім тұрақтығы
мен жылдамдығына кепілдік береді.

Компания жайлы
Егер Сіз орыс тілінен басқа тілде ақыл-кеңес алғыңыз келсе немесе ли мәміле жасағыңыз
келсе мына электронды поштаға өзіңіздің байланыс мәліметтеріңіз бен Сізге хабарласуға
тиімді уақытты көрсету арқылы хат жолдаңыз: info@https://bitumast.com. Сізге сіздің тіліңізде
сөйлейтін біздің маман хабарласады. Сонымен қатар Сіз арнайы формада хабарлама
жібере аласыз.